Басты бетЖаңалықтарДоллар 516–524...

Доллар 516–524 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 516–524 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 12 желтоқсанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 516,93 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,98 теңге. Еуро — 542,52.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 520,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 524,1 теңге. Еуро 542—549 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 510 теңге, сатып алу құны — 517 теңге. Еуро 535 теңгеден сатылып, 545 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97-5,15 аралығында саудаланып жатыр.