Басты бетЖаңалықтарАлматы облысыда...

Алматы облысыда 150-ден астам үйді су басты (Видео)

Облыстық ТЖД хабарлауынша, құбыр өткізгіштері қоқыспен бітеліп қалған, салдарынан өзеннің кей тұстарында су деңгейі көтерілген.

Қарасай ауданын, Райымбек ауылын, «Ақсай-19», «Торпеда», «Труд» саяжай қоныстарын су басқан.Сондай-ақ, Алматы-Жандосов тасжолын су алды (23-ші шақырым). ТЖД өкілдерінің мәлметінше, қазіргі таңда су алған елді мекендерге жолдар жабық, ал тасжолдар ашық тұр.

«Қазіргі таңда 151 саяжай учаскесін су алды. Екі адам эвакуацияланды. Тазалау, жағалауды нығайту және Қарғалы өзенінің аңғарын тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр, Алматы-Жандосов тасжолындағы көпір тазартылды. Адамдарды эвакуациялауға 50 орындық мектеп пен екі автобус дайындалды», — деді ТЖД өкілі Азамат Жұртбаев.

Сонымен қатар, Алматының Алатау ауданындағы, Рысқұлов даңғылының төмен жағында бірнеше үйді су басқан.

ДереккөзTengrinews.kz