Басты бетЖаңалықтар12 желтоқсанға...

12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгін, 12 желтоқсанда ауа райына байланысты Қазақстанның 13 облысында дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, сонымен қатар орталығында да тұман түсетіні болжанады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Түнде Ақтөбе облысының батысында, күндіз солтүстігінде, батысында көктайғақ, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Қарағандыда да оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түндегі екпіні — 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Оралда тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні — 18 м/с жетеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман болады. Атырау қаласында да түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп болжанады.

Қостанай облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с болады. Қостанай қаласында да оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с жетеді.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні – 17-22 м/с болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші — 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда да жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші — 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 25 м/с дейін жетеді. Астанада да оңтүстік-батыстан жел соғады, күші — 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.