Басты бет Экономика Қазақстанның мұнай өнімдері Финляндияға экспортталады

Қазақстанның мұнай өнімдері Финляндияға экспортталады

Батыс Қазақстан облысындағы «Конденсат» АҚ-ның зауыты ҮИИД бағдарламасының аясында өте қысқа мерзім ішінде мұнай айыру секциясын іске қосты.

Енді жаңа құрылғы мұнай өнімдерін қайта айырып, шығаруға мүкіндік береді әрі өнімді экспорттайды. Яғни, енді қара май мен газ майлы дизель отынын қайта шығаруға мүмкіндік бар.

Зауыттың бас директоры Эдуард Жүнісовтың хабарлауынша, бұл өнімдердің нарықтағы сұранысы өте жоғары. Өйткені, жол құрылысына көп пайдаланылады.

Болашақта бұл өнімдер Қазақстанның кәіпорындарынан тыс, Ресейге және шетелге шығарылмақ. Ал, алғашқы партиясы Финляндияға экспортталады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version