Басты бет Видео Анашым, мені қалдырма! (Видео)

Анашым, мені қалдырма! (Видео)

Бірер күн бұрын ғана «Қазақстан» ұлттық арнасы арқылы қалың көрерменге «Анашым, мені қалдырма...» атты телехикая жол тартты. 16 бөлімнен тұратын телехикаяда басты рөлдерді Әйгерім Жүнісова, Инабат Ризабекова, Айзада Сатыбалдиева, Данияр Базарқұлов  сомдаған.  Режиссері: Елдар Қапаров. Картина сюжеті қиын жағдайда жалғыз қалған әйелдердің тағдыры жайында баяндайды.

Әлеуметтік драма түрлі себептермен дүниеге некесіз сәби әкелген әйелдерге қатысты жағымсыз стереотиптерді бұзып, сәбилерді жетімдіктен құтқаруды, рухани және отбасылық құндылықтарды қайта жаңғыртуды мақсат етеді. Телехикаяда ата-ана мен баланың қарым-қатынасы,  тұрмыстағы  зорлық-зомбылық, тәлім-тәрбиенің әсері, адамгершілік пен жауапкершілік сынды өткір әлеуметтік мәселелер қозғалады.  Оқиғалар мен кейіпкерлердің образдары  шынайы өмірден алынған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version