Басты бетЖаңалықтарОлжас Бектенов...

Олжас Бектенов баспана кезегіне қатысты тапсырма берді

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов баспана кезегінде тұрғандардың қолданыстағы тізімін жаңарту мәселесіне назар аударды.

Мен тізімдерді түгендеп, бір жүйеге келтіруді тапсырған едім. Бірақ бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ. Сондықтан оны тездету керек. Баспана кезегінде шынымен мұқтаж азаматтар ғана болу керек, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министрдің айтуынша, құрылыс сапасына ерекше назар аудару керек.

Кейінгі жылдары ереженің бұзылуына және құрылыс нысандарының уақтылы іске қосылмауына қатысты шағымдар көбейіп барады. Бұл мәселелерді жүйелі түрде шешу қажет. Жаңа құрылыс кодексінің жобасында құрылыс сапасына бақылауды күшейту, саланы цифрландыру, сәулеттік қадағалаудың тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешені көзделді, — делінген хабарламада.