Басты бетЖаңалықтарАнтикордың бұрынғы...

Антикордың бұрынғы орынбасарының іздеуде жүрген інісі Шымкентте ұсталды

Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевтың інісі, халықаралық іздеуде жүрген Дәуренбек Қожабаев ұсталды.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлап отыр.

Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұлттық қауіпсіздік комитеті мен жемқорлықпен күрес қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылының арқасында ұсталып, тергеу изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.

46 жастағы күдікті ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп, іздеу жарияланған еді. Ол Шымкент қаласындағы мектептердің бірінің директорын қылмыстық жауапкершіліктен босатқаны үшін пара алған болуы мүмкін. Тергеу барысында Қожабаевтың қайда екенін айтқан адамға сыйақы жарияланып, есімі құпия болатынан кепілдік берілді.