Басты бетЖаңалықтарАқша айырбастау...

Ақша айырбастау орындарында доллар 509–516 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 509—516 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 10 желтоқсанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 510,08 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,15 теңге. Еуро — 539,61.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 510,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 515,1 теңге. Еуро 538—545 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 509 теңге, сатып алу құны — 516 теңге. Еуро 532 теңгеден сатылып, 542 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,07—5,17 аралығында саудаланып жатыр.