Оңтүстік халқымен кездескен Елбасы осы күзде Шымкент тұрғындарының саны миллионға жететінін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған терезеге арналған алюминий бұйымдарын шығаратын зауыттың тыныс-тіршілігімен, көкөніс өсіру және жеміс-жидектерді сақтаумен айналысатын серіктестік жұмысымен де танысты.
«Елдегі өңірлерді аралайтын міндетім бар. Содан кеше жиналыс өткізе салып, осында келіп қалдым. Оңтүстік Қазақстан деген Қазақстанның 16 пайызын алып жатқан халқы бар өсіп жатқан өңір. Соның жағдайын білейін деп келдім. Жалпы жағдай дұрыс қой? Жыл басында келгеніңіз баянды болсын. Иә, елімізде жағдай дұрыс. Биыл тоғандарда су көп. Жағдай жақсы, егін дұрыс болады, Құдай қаласа», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.