Сейсмологтар Түркістан облысында жер сілкінгенін хабарлап отыр.
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер сілкінісі бүгін, 9 желтоқсанда Астана уақытымен таңғы 8:24-те тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 742 км жерде орналасқан. Есептік қарқындылығы Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Атакент ауылында екі балл болды. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.