Алматыға қалың қар түсті. Мыңнан астам жол жұмысшысы мен 463 техника қар тазалауға жұмылдырылды.
Қар жауа бастаған сәттен көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға, қиылыстарға, жолайрықтардың кіре берістеріне мұз ерітетін қоспалар шашылды, жауған қар сыпырылды. Жалпы, бүгін көктайғаққа қарсы 1480 тонна материал пайдаланылды.
Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ «қалталарын», жерүсті өткелдерін, саябақтар мен скверлерді тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Қарды тазарту таулы, тау бөктеріндегі аудандарда, сонымен қатар жаяу жүргіншілер аймақтарында жүргізілді.
Күндізгі кезеңде 609 техника мен 1 280 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Аудандық әкімдіктер мен мердігер ұйымдарда қардан тазарту жұмыстарының өндірісін бақылау үшін тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылды.