Басты бетЖаңалықтарПрезидент Таиланд Корольдігімен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін жеткізді

Президент Таиланд Корольдігімен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін жеткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды Ұлттық мерекемен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Қазақстан президенті жеделхатында Таиланд Корольдігінің халықаралық аренада және әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өтті.

Сонымен қатар президент Таиланд Корольдігімен дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін жеткізді.

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР