ТЖМ көшкін қаупі туралы ескерту жасады

ТЖМ көшкін қаупі туралы ескерту жасады. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.

Көбінесе қар көшкіні Іле Алатауы жотасының беткейлерінде (Алматы қаласы) және Алтай (ШҚО) тауларында байқалады.

Қыстың басы мен көктемнің басы қар көшкіні белсенді болатын ең қауіпті кезеңдер.

Биылғы жылы жалпы көлемі шамамен 1,2 млн. м3 213 қар көшкінінің өздігінен түсуі тіркелді. Жалпы, қазіргі уақытта қар биіктігі норма шегінде немесе нормадан асады.

ТЖМ таулардың беткейлеріндегі қардың тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкінін болдырмау үшін таулардың қар басқан беткейлеріне шықпауды және тауларға барудан бас тартуды ұсынады, — делінген хабарламада.