«Жалпы еліміздің сот шешімін шет мемлекеттерде қолдану қиын үдеріс. Сондықтан халықаралық құқық жөніндегі Гаага конференциясының жарғысын қолданысқа енгізіп, әкенің бала алдындағы міндетін мүл-тіксіз орындатуымыз қажет», — дейді әділет министрі Марат Бекетаев.
Осы мақсатта әзірленген құжат Сенат қарауына ұсынылып, толық қолдау тапты.
«Қазақстандық органдардың шешімін шетелде тұрып жатқан тұлғаларға қолдану үшін тану мен орындау рәсімдерін өткізу қажет. Аталған мәселені шешу үшін шет мемлекеттермен әр түрлі салада тығыз ынтымақтастық орнату қажет. Гаага конференциясына қосылу бізге осындай мүмкіндікті береді»,- дейді Марат Бекетаев.