Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 523–533 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 3 желтоқсанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 524,58 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,93 теңге. Еуро — 551,91.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 529,1 теңге. Еуро 548,5—556,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 533 теңге. Еуро 547 теңгеден сатылып, 557 теңгеден сатып алынады.