Геннадий Головкиннен бұрын «Канеломен» мен кездесуім керек — Қанат Qazaq Ислам

«Мен Генаны досым ретінде, чемпион ретінде, ағам ретінде қатты сыйлаймын. Ол көк туды желбіретіп жүрген қазақтың батыры. АҚШ-та, Мексика мен Ұлыбританияда түсінік бөлек, қазақ елінде түсінік басқа. Біздің ел үшін атақтан бұрын бауырмалдық бірінші орында тұрады. Головкин екеуміз бір-бірімізді сабағанша, ол өз салмағында мен өз салмағымда чемпион болу әлдеқайда артық деп ойлаймын»,- деді Қанат.

Алайда, Головкиннен бұрын «Конеломен» мен кездесуім керек, дейді Qazaq.

«Алдағы уақытта «Канеломен» Головкиннен бұрын мен жекпе-жек өткізуім керек. Өйткені, ол біздің салмақтың чемпионы. Соңғы жекпе-жегімнен кейін мен Саульді жекпе-жекке шақырдым. Ол Чавеспен кездесіп болғаннан кейін менің шақыртуымды қабыл алатын шығар», — дейді ол.

Еске салайық, Қанат Исламның келесі жекпе-жегін 26 мамыр күні Флорида (АҚШ) қаласында өтеді. Қарсыласы мексикалық Норберто Гонсалес болады. Бұл жекпе-жекте бірінші орта салмақтағы WBO NABA және WBA intercontinental белбеулері сарапқа салынады.

ДереккөзVesti.kz