Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өңір тұрғындарына ескерту жасады.
ТЖД мәліметінше, Алматы облысының тауларында 2 мен 5 желтоқсан аралығында көшкін қаупі сақталады. Жалпы Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар.
ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сонымен қатар таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады, — деп хабарлады департаменттен.