Доллар қымбаттауы азық-түлікке әсер етті ме? Бұл сұраққа Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жауап берді.
«Бұл айда доллар бағамы 495, 497 теңге болды. Қазір доллар бағамы 500 теңгеден асып, 507, 510 болды. Бұл — 2 пайыз өсім. 2 пайыздық өсім нан мен сүтке айтарлықтай әсер етті ме? Олай емес сияқты», — деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға көтерді.