Басты бетЖаңалықтарАстанада тергеушіге...

Астанада тергеушіге шабуыл жасаған үш адам сотталды

Сот үкімімен билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін үш адам сотталды. Бұл туралы Астана прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Құқық қорғау органының тергеушісі мемлекеттік орталық органдардың бірінің лауазымды тұлғалары мен ЖШС басшылығына қатысты жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп, компанияның активтерін бұғаттаған. Оның қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кек алу мақсатында сотталған үш адам тергеушіге шабуыл жасауды ұйымдастырған.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық пиғылын іске асыру барысында олар жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына барып, үйінің кіреберісінде оған шабуыл жасаған. Сотта мемлекеттік айыптаушы шабуыл жасағандардың кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен шабуылдың ұйымдастырушысы бес жылға бас бостандығынан айырылып, қалған екі қатысушы сәйкесінше төрт және үш жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді, — делінген хабарламада.