«Қазгидромет» РМК синоптиктері 29 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Астанада тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман болады.
Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың таулы аудандарында найзағай. Түнде облыстың солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүтігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Шымкентте оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман болжанады.
Қарағанды облысының батысында тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады.