Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұловтың сөзінше, 1998 жылы қабылданған заңнамада кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға ынталандыратын тетіктер жоқ. Бұл жыл сайын тарифтердің көтерілуіне әкеліп жатыр.
Заңға соңғы 3 жылда оған 200 түзету енгізілген. Себебі ондағы тариф құру процесі ашық емес.
Министрлік тариф құнына желілердің тозуы әсер етіп жатқанын айтады.
«Заң жобасы арқылы біз кәсіпорындардың шығындарын үнемдеуге және тиімділіктерін арттыруға ынталандыратын боламыз», — деді вице-министр.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша, су, кәріз және жылу желілерін жаңартуға қаражат бөлінеді. 2017 жылы бұл мақсаттарға 48 млрд теңге қарастырылып отыр және 1190 шақырым құбыр жөнделеді деп жоспарланған.