Биыл Алматыда жалпы ұзындығы 223 шақырым 253 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұл туралы Алматының қалалық мобильділік басқармасы хабарлап отыр.
Биыл жөнделген жолдың ішінде ұзындығы 57 шақырым 20 магистраль көшеге, сонымен қатар ұзындығы 30 шақырымдай жаяу жүргіншілер жолдарына және 40 аялдама алаңдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Оның ішінде:
— Алатау ауданы — 66 көше;
— Алмалы ауданы — 15 көше;
— Әуезов ауданы — 18 көше;
— Жетісу ауданы — 29 көше;
— Медеу ауданы — 33 көше;
— Наурызбай ауданы — 22 көше;
— Түрксіб ауданы — 36 көше;
— Бостандық ауданы — 34 көше.
2025 жылы ұзындығы 300 шақырым көше жол желісінің жабынын орташа жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарланған. Орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін көше тізімдері аудан әкімдіктерімен келісе отырып, сонымен қатар тұрғындардың өтініші бойынша құрылады, — деді қалалық мобильділік басқарма басшысының орынбасары Асан Бостанов.