Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар қымбаттап, рубль арзандады.
Ұлттық банктің 28 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 499,51 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,62 теңге. Еуро — 525,83.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 505,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 509,5 теңге. Еуро 528—532,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 503 теңге, сатып алу құны — 510 теңге. Еуро 525 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,60-4,75 аралығында саудаланып жатыр.