«Қазгидромет» РМК синоптиктері 28 қарашадағы ауа райы болжамын жариялады.
Ұлытау облысының басым бөлігінде кей уақыттарда тұман күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанған.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.
Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ болады.
Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, желдің жылдамдығы 15-18 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.
Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 29 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады.