Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында...

Алматы облысында бірнеше автожол көктемге дейін жабылды

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті бүгіннен бастап 2025 жылғы 31 наурызға дейін облыстың екі ауданында автожолдар жабылғанын хабарлап отыр.

Автожолдар жабылуының басты себебі — таулы аймақтағы қар көшкіні қаупі.

Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында келесі бағыттағы автожолдар жабылады:

1) «Есік қаласы—Есік көлі» 7-ден 15 км-ге дейін облыстық маңызы бар автожол;
2) «Турен-Батан Асы обсерваториясы» 15-тен 41 км-ге дейін автожол;
3) «Талғар қаласы—Спутник лагері» 6-дан 11 км-ге дейін облыстық маңызы бар автожол.