Басты бетЖаңалықтарАлматыда шалғай...

Алматыда шалғай аудандардан оқушыларды тасымалдау үшін тағы 100 мектеп автобусы іске қосылады

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша «Мектеп автобусы» жобасы аясында оқушыларды тасымалдау үшін тағы 100 автобус сатып алынды.

Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жаңа мектеп автобустарын ескере отырып, 14 мың баланы тасымалдау қамтамасыз етіледі.

Автобустар шалғай және жету қиын аудандарда тұратын балалар оқитын мектептерден түсетін өтінімдерге қарай жаңа бағыттарға. Бұл басымдықтардың бірі, себебі соған сай мектеп автобустары бөлінеді. Әрбір мектеп үшін оқушылардың тасымалдануын қамтамасыз ету үшін егжей-тегжейлі маршруттық парақтар әзірленген.

Қалалық мобильділік басқармасы отандық Yutong маркалы автобустарды сатып алды. Автобустар қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді, апаттық жағдайда шығуға арналған есіктермен жабдықталған және ыңғайлы креслолармен, рюкзактарға арналған бөлімшелермен, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған пандуспен жабдықталған. Көлік құралы 21 орынға есептелген.