Шара барысында Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы жанындағы Мәдени өкілдік арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Құжаттың басты мақсаты екі ел арасындағы тарихи, мәдени, туризм сынды салаларды насихаттап, қарым-қатынасты одан әрі нығайту.
Сондай-ақ, қонақтарға арнайы мәдени-демалыс экскурсиясын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Шара аясында олар жаңадан бой көтерген нысандарды аралап, тарихи-өлкетану мұражайының тыныс-тіршілігімен танысады.