Басты бетЖаңалықтарАлматыда көгалдандырудың...

Алматыда көгалдандырудың жаңа ережелері қалай өзгеріп жатыр?

2024 жылғы қазан айында «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы аясында басталған Алматыда көгалдандыру бойынша күзгі науқан белсенді түрде жалғасып жатыр.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қазіргі уақытта қалада 160 мыңға жуық көшет егілді.

2023 жылы қала әкімінің тапсырмасы бойынша енгізілген көгалдандырудың жаңа ережелері маңызды жаңалық болды. Ереже бойынша, қазір отырғызылған ағаштарға үш жылдық күтім жасау міндетті, бұл өсімдіктерді қалалық ортаға бейімдеудің тиімді процесін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар отырғызу материалдарына қатаң талаптар енгізілді: жапырақты көшеттердің биіктігі кемінде 2,5—3 метр, ал қылқан жапырақты ағаштар кем дегенде екі метр болуы керек, ағаштардың тіршілігін жақсарту үшін отырғызу кезінде топырақ кесектерін сақтаған жөн.

Тұрғындар қалада отырғызылатын материалдардың сапасы айтарлықтай жақсарғанын атап өтті.