Басты бетЖаңалықтарАқтөбе облысында...

Ақтөбе облысында жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ақтөбе облысында Т.Жүргенов ауылынан Айке ауылына дейін жол жабылады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі хабарлап отыр.

2024 жылғы 27 қарашада сағат 08:00–да Ақтөбе облысында 89 км автожолда орналасқан теміржол өткеліндегі рельстерді ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарына байланысты «Қарабұтақ — Комсомольский — Денисовка — Рудный — Қостанай» автожолының 83-198 шақырым аралығында (Т.Жүргенов ауылынан Айке ауылына дейін) жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.

Жолды 2024 жылғы 27 қараша сағат 14:00–де ашу жоспарланған.

Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.