Басты бетЖаңалықтарДоллар 499—504 теңге аралығында саудаланып жатыр

Доллар 499—504 теңге аралығында саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 499—504 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 27 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 498,55 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,75 теңге. Еуро — 524,28.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 501,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 504,5 теңге. Еуро 523,5—527,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 499 теңге, сатып алу құны — 504 теңге. Еуро 522 теңгеден сатылып, 528 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,82—4,92 аралығында саудаланып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да