АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (Food & Drug Administration, FDA) Қазақстанда 2019 жылдан бері тыйым салынған снюсті денсаулыққа төндіретін қаупі төмен өнім ретінде сатуға рұқсат берді.
Бұл рұқсат нені білдіреді? Демек, ғылыми мәліметтің бәрін мұқият зерттей келе, қатаңдығымен танымал беделді америкалық агенттік Swedish Match компаниясының снюсі темекіге қарағанда зияны аз балама екенін мойындаған. Шылым шегетіндердің темекіден осы зияны аз баламаға ауысуы өкпе және ауыз қуысы обыры, жүрек-қантамыр аурулары, эмфизема және созылмалы бронхит даму қаупін төмендететіні де айтылған.
Бұған дейін снюсті темекі орнына қолдану халықтың жұқпалы емес ауруларға шалдығу деңгейіне оң әсер ететіні туралы деректер Швецияда алынған. Бұл елдің әрбір төртінші ересек тұрғыны күнделікті никотин тұтынғанына қарамастан, Швецияда обырға шалдығу деңгейі никотин тұтыну көрсеткіші ұқсас басқа Еуропа елдеріне қарағанда әлдеқайда төмен. Швецияда темекі тұтынудан болатын өлім-жітім саны Еуроодақтың көптеген еліне қарағанда екі есе аз. Бұл елдегі құпия — олар түтінсіз баламаларға басымдық беріп, никотинді темекі шегуден басқа жолдармен тұтынады.
Снюс әсіресе Швецияда ондаған жылдан бері танымал және осы өнімнің арқасында бұл ел темекімен күресте үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Мәселен, 13 қарашада Швециядағы темекі шегетіндер саны 4,6%-ке дейін төмендегені хабарланған. Бұл рекорд көрсеткіш Швецияға «темекі түтінінен азат ел» мәртебесін алуға мүмкіндік берді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бағалау критерилері бойынша, елдегі темекі шегетіндео саны жалпы халықтың 5%-інен аспаса, оны «түтінсіз» деп санауға болады.
Шведтердің тәсілі және мемлекеттік деңгейде зиянды азайту қағидаларын қолдауы ғылыми дәлелдерге негізделген. Ғалымдар никотиннің зиянсыз емес және тәуелдік тудыратынын дәлелдегенімен, ол темекі шеккенннен болатын аурулардың себебі емес. Жүрек-қантамыр жүйесіне және тыныс алу органдарына негізгі зиянды әсерді темекі түтінінде болатын токсиндер мен канцерогендер тигізеді. Бұл заттар түтінмен бірге темекі шегетін адамның өкпесіне түсіп, көптеген жұқпалы емес аурудың даму қаупін еселеп арттырады. Америкалық психиатр Майкл Рассел бұл мәселені: «Адамдар никотин үшін темекі шегеді, бірақ шайырдан өледі», – деп дәл сипаттаған. Айтпақшы психиатр — темекі шегетіндерге арналған никотин алмастыру терапиясын алғаш ұсынған адам.
Уақыт өте келе ғалымдар мен инженерлердің бірлескен күш-жігері арқасында нарықта түтінсіз баламалар пайда болды. Дәстүрлі жанатын темекілерді осындай баламаларға ауыстырған темекі шегетін ересек адамдар денсаулыққа төнетін қауіпті төмендете алады. Себебі жанбағандықтан әрі түтін болмағандықтан, өкпеге канцерогендер мен токсиндер түспейді.
FDA-ға қайта оралсақ. Агенттік Swedish Match компаниясының снюсін, денсаулыққа төнетін қаупі төмен өнім ретінде сатуды жалғастыруға рұқсат берді. Бұл компания «Филипп Моррис Интернэшнал» құрамына кіреді. Өнімге қатысты рұқсат етілген мәлімдеме мынадай: «Снюсті темекі орнына қолдану ауыз қуысының обыры, жүрек аурулары, өкпе обыры, инсульт, эмфизема және созылмалы бронхит қаупін төмендетеді».
FDA 2019 жылы Swedish Match компаниясының снюс өнімдерін АҚШ аумағында коммерциялауға берген рұқсатын 2032 жылға дейін ұзартты. Бұл денсаулыққа қауіпті азайтуға бағытталған өнімдерді сатуға рұқсат беретін FDA бұйрықтарының тарихтағы алғашқы ұзартуы болды.
Рұқсат мерзімін ұзартпас бұрын, FDA сарапшылары барлық дәлелдемені мұқият зерттеген. Компанияның өтініші 330 клиникалық және эпидемиологиялық зерттеулер арқылы негізделген. Олар бұл өнімге толық ауысқан темекі шегетіндер үшін қауіптің төмендейтінін көрсеткен.
Swedish Match компаниясы темекіні түбегейлі жоюды көздейді. FDA шешімі — маңызды қадам. Ол темекі шегетіндер мен дәстүрлі темекі тұтынатындарды түтінсіз өнімдерге көшуге ынталандырады әрі халық денсаулығын қорғауға көмектеседі, — деді Swedish Match компаниясының Солтүстік Америкадағы президенті Том Хейс.
Швед тәсілінің тиімділігін 2024 жылғы мамырда жарияланған Smoke-Free Sweden зерттеуі тағы бір рет растады. Бұл зерттеуде Швециядағы темекі шегетіндер саны рекорд деңгейде азайғаны көрсетіліп қана қоймай, онкологиялық, жүрек-қантамыр және өкпе ауруларының айтарлықтай төмендегені де анықталған. Мысалы, Швецияда темекіге қатысты жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім-жітім Қазақстанмен салыстырғанда 32%, ал темекі шегудің қатысы бар жалпы өлім-жітім 30% төмен.