Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда Ресейдің...

Қазақстанда Ресейдің 23 мың компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр

Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы – берік әрі мызғымас достықтың шынайы көрінісі. Бұл туралы президент «Известия» газетіндегі мақаласында айтты.

Президент екі елдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы тығыз астасып жатқан тарихи және мәдени байланыстарға, сонымен қатар қос халықтың болашағына қатысты ортақ жауапкершілікке негізделгенін атап өтті.

Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономика саласындағы ықпалдастығы тұрақты түрде дамып келеді.

Бұған екі елдің үкіметтері мен бизнес өкілдерінің күш-жігерін жұмылдырғанының арқасында қол жеткіздік. Қазір Қазақстанда Ресейдің 23 мың компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Оның 4 мыңы кейінгі бір жылдың ішінде құрылды. Біздің ынтымақтастығымыздың қарқыны жоғары екені осыдан-ақ айқын көрінеді, — деді президент.

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, екіжақты инвестиция көлемі де ұлғая түсті. 2023 жылы Ресей компаниялары Қазақстанға 3 миллиард доллардан астам инвестиция салды.

Қазақстан да Ресей экономикасына осынша мөлшерде қаржы құйды. Елдеріміз бизнес жүргізуге қолайлы орта қалыптастырып, инвесторларды қолдауға қажет барлық жағдайды жасап отыр.