Астанада 27-28 қараша күндері ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтуіне байланысты кейбір студенттер онлайн оқу форматына көшеді.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаевтың мәліметінше, 27-28 қараша күндері:
- төрт жоғары оқу орны қашықтан оқу форматына көшеді;
- екі жоғары оқу орны сабақтардың бір бөлігін қашықтан өткізеді;
- екі жоғары оқу орны студенттерін демалысқа (1-триместр) жіберді;
- бес жоғары оқу орны дәстүрлі офлайн оқу форматын сақтап қалды.
Ол шешімдерді жоғары оқу орындары өздерінің академиялық саясатына сәйкес дербес қабылдайтынын нақтылады