Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 498–503 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 26 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 498,51 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,81 теңге. Еуро — 522,24.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 501,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 503,3 теңге. Еуро 522,5—526,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 498 теңге, сатып алу құны — 503 теңге. Еуро 521 теңгеден сатылып, 527 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,82-4,92 аралығында саудаланып жатыр.