Ақ Жайықта алғашқы келіндер байқауы өтті

Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Пай-пай, қазақтың келіндері-ай» атты алғашқы облыстық келіндер байқауы өтті.

Байқауға бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен, қасиеті бойынан табылған, сымбаты мен сәні келіскен 11 келін қатысып бақтарын сынады. Алты кезең бойынша сынға түскен келіндер аянып қалмады.

Шараның басты мақсаты қазіргі жас келіндер арасына ежелден ұмыт болған ата -дәстүр салтымызды қайта жаңғыртып, қазақ келініне тән әдемілік, әдептілік, ізеттілік және ісмерлік пен тапқырлықты дәріптеу.

Қазақ табалдырығынан аттаған келінді қашанда құйған шайы мен әзірлеген асы арқылы сынап, танып білген. Байқауда келіндердің білімі мен ой ұшқырлығы сыналып, ұмыт болып бара жатқан еттен, сүттен, дәнді-дақылдардан дайындалатын ұлттық тағамдарды келіндердің қаншалықты білетіндіктерін байқатты. Жас келіндер өз әулетінің дәрежесін арттырып қана қоймай, ата-бабаларымыздың қалып бара жатқан кейбір салт-дәстүрлері мен жөн-жоралғыларын қайта жаңғыртты.

Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен Бөкей ордасынан келген Гұбашева Слушаш Жасұланқызы І орынды жеңіп алды.

Бұл байқау жас ұрпаққа халықтың салт-дәстүрлерінің барлық сұлулығы мен құндылығын көрсету үшін ұйымдастырылды.