Атырауда тасжолға жақын орналасқан ауылдардағы ірі қара мал иелеріне жарыққа шағылысатын бау таратылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.
Атырау облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін ірі қара малдарға жарыққа шағылысатын бау тағу жұмыстары жүрген. Бұл шара полиция департаменті бастамасымен және NCOC компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды.
Бауды республикалық маңызы бар Доссор – Құлсары автомобиль жолының Мақат ауданындағы мал шаруашылығы қожалықтарына барған мамандар қыстақ иелеріне арнайы табыстаған.
Ірі қара малдардың мойнына 300 жарық шағылысатын бау тағылды. Бұл баулар жолда түнде көлік жүргізушілеріне мал барын алдын ала байқауға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.