Басты бетЖаңалықтар«Жаркент-Қорғас» автомобиль...

«Жаркент-Қорғас» автомобиль жолы жөнделді

Жетісу облысындағы Панфилов ауданында ұзындығы 32 шақырым болатын «Жаркент-Қорғас» автомобиль жолының негізгі учаскесі ашылды. Бұл туралы Жетісу әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Нұр жолы» кеден бекетіне, «Қорғас» ХШЫО-ға, Алтынкөл станциясына, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ға баратын автокөліктер легі дәл осы жолмен жүреді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Жаркент-Қорғас» жолы учаскесі Панфилов ауданының Қырыққұдық, Ақкент, Ават, Атамекен ауылдары арқылы өтеді. Бұл жол өткен ғасырдың 60-70 жылдары салынған.

Құрылыс биылғы шілдеде басталып, Жетісу облысы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалының тапсырысымен бес айда аяқталған.

Жалпы облыс аумағында республикалық маңызы бар автожолдарды қайта жаңғыртуға бағытталған ірі жобалар іске асып жатыр. «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар жол берілді. Жуырда «Талдықорған – Үшарал» автожолы қайта жаңартылып бітеді. Жұмыстың 98%-і орындалған, нысанды 2024 жылдың соңында толық аяқталады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Республикалық маңызы бар «Сарыөзек – Көктал» және «Айдарлы-Көктал» автожолдары жөнделіп жатыр.