Басты бетГеннадий Головкин...

Геннадий Головкин Билли Джо Сондерспен кездесуден неге бас тартты?

Геннадидің промоутері Том Леффлердің айтуынша, Сондерспен кездесуден бас тартуға бірнеше себеп болған. Солардың бірі — Головкиннің Дэниэл Джейкобспен 12 раунд бойы жұдырықтасуы мен Сондерстің промоутері Фрэнк Уорреннің жекпе-жекті тағы бір апта ерте өткізу туралы ұсынысы.

«Біз әрине Сондерспен жекпе-жекті қаладық, алайда Дэнни Джейкобспен өткен жекпе-жектен кейін уақыт тым аз берілді. Ендігі кезекте Головкиннің қашан жұдырықтасуға дайын екенін білетін боламыз және ең жақсы ұсыныстарды қарастырамыз. Головкин жаттығу жұмыстарын осыдан екі апта бұрын бастауы керек еді, ол 12 раундтық кездесу өткізді. Кездесудің уақытына байланысты мәселе туындады. Уоррен жекпе-жекті тағы бір апта ерте, маусымның басында өткізбекші болды. Қорытындылай келе, Головкин маусымда жекпе-жекке шықпайды», — деді Леффлер.

Промоутердің айтуынша, GGG енді  «Канело» — Чавес кездесуінің жеңімпазын күтетін болады.

ДереккөзVesti.kz