Басты бетЖаңалықтар"Шайн мускат"...

«Шайн мускат» жүзімі зиян ба? Министрлік сараптама қорытындысын жариялады

Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша агроөнеркәсіптік кешені мемлекеттік инспекция комитетінің республикалық өсімдіктер карантині орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді.

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес карантиндік зиянкестер табылған жоқ, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) Shine Muscat нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізді. Оның қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг құрады, бұл өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш.