Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда бірнеше...

Қазақстанда бірнеше тасжол учаскесі ашылды

Ауа райының жақсаруына байланысты бұрын көлік қозғалысы шектелген тасжол учаскелері ашылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлап отыр.

2024 жылғы 21 қарашада сағат 07:30-де келесі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылды:

  • Павлодар облысы «Қызылорда-Павлодар» автожолының 1 135-1 206 шақырымы аралығында (Қарағанды облысының шекарасы — Шидерті ауылы)
  • Қарағанды облысы «Қызылорда-Павлодар» автожолының 970-1 135 шақырымы аралығында (Қарағанды қаласы — Павлодар облысының шекарасы)
  • Қарағанды облысы «Екатеринбург-Алматы» 1 505-1 864 шақырымы, Новостройка ауылы — Балқаш.