Басты бетЖаңалықтарҚазақстан тағы...

Қазақстан тағы 270 миллиард теңге қарыз алады

Халықаралық қайта құру және даму банкі Қазақстанға 11 жыл мерзімге қарыз береді. Тиісті заң жобасын мәжіліс депутаттары жұмысқа қабылдады.

Мәжіліс депутаты Татьяна Савельеваның айтуынша, Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы несие туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасы 2024 жылғы 18 қарашада үкіметтің қаулысымен енгізілген.

Келісім 2024 жылғы 11 қазанда Астанада жасалған.

Халықаралық қайта құру және даму банкінен қарыз Қазақстан Республикасына 84,9 миллиард йенге (шамамен 270,8 миллиард теңге) беріледі, өтеу мерзімі – 11 жыл. Қарыз қаражаты республикалық бюджет тапшылығының жоспарлы көлемі аясында ел экономикасының тұрақтылығын қолдау үшін тартылады, – деді Татьяна Савельева Мәжілістің пленарлық отырысында.

Қаржы және бюджет комитеті бұл заң жобасы бойынша қорытынды дайындайды.