«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы еліміздің екі өңіріндегі жолда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлап отыр.
Ұлытау облысында:
20 қарашада сағат 13:00-де «Қызылорда-Павлодар» автожолының 216-424 шақырымы аралығында (Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін);
Қызылорда облысында:
20 қарашада сағат 13:00-де Қызылорда облысында «Қызылорда-Павлодар» автожолының 12-216 шақырымы аралығында (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды 20 қараша сағат 20:00-де ашу жоспарланған.