«Қазгидромет» РМК синоптиктері 21, 22 және 23 қарашаға Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жасады.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағына кезекті солтүстік-батыс циклоны жақындап келеді. Бұл циклон елдің батысынан шығысына қарай өтіп, жауын-шашын әкеледі: жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, кей жерлерде қатты қар жауады деп күтіледі. Солтүстік өңірлерде боран болуы мүмкін, ал жолдарда көктайғақ сақталады.
22 қарашадан бастап елдің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтары Сібір антициклонының ықпалына түседі. Бұл ауа райының өзгеруіне әкеледі: жауын-шашын тоқтап, күн ашық және құрғақ болады. Қазақстан бойынша тұман мен желдің күшеюі де болжанған. Температуралық фон айтарлықтай өзгермейді, – делінген хабарламада.