Қазақстан Республикасының ұлттық банкі келесі жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті.
Алдағы жылы базалық мөлшерлеме бойынша сегіз шешім қабылдау жоспарланып отыр. Оның төртеуі болжамды раундтың нәтижелері негізінде қабылданады.
Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 12:00–де жарияланады және келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді, — делінген хабарламада.
2025 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер келесі күндері жарияланады:
- 17 қаңтар
- 7 наурыз
- 11 сәуір
- 5 маусым
- 11 шілде
- 29 тамыз
- 10 қазан
- 28 қараша