Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда баспана...

Қазақстанда баспана бағасы 15%-ке өсуі мүмкін

2025 жылы елімізде тұрғын үй бағасы 10-15%-ке өсуі мүмкін. Себебі құрылыс саласына 12%-тік қосылған құн салығы қайта енгізілмек.

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлап отыр.

Телеарнаның хабарлауынша, елдегі құрылыс компаниялары бұл салық түрінен сонау 2001 жылы босатылған. Осылайша үкімет үйдің бағасын арзандатпақ болды. Енді сол салық келер жылдан бастап қайта енгізілгелі отыр. Құрылыс компанияларына жеңілдік берілген 2001 жылдан бастап су жаңа баспананың құны 21 есе өскен.

Қазақстан құрылысшылар одағының Астана филиалының директоры Вячеслав Лазаревтің айтуынша, қазіргі уақытта құрылыс компаниялары орта есеппен алғанда 15%-тік пайдамен жұмыс істеп отыр.

Егер 12%-тік салық енгізілсе, құрылыс компаниясы нөлге жұмыс істейді деген сөз. Сондықтан оларда екі-ақ бағыт бар: пайдасыз істейді немесе шаршы метр бағасын көтереді, — дейді ол.

Сарапшылардың болжамынша, жаңа салынған үйлердің бағасы көтерілсе, бұл екінші нарықтағы тұрғын үйлердің құнына да әсер етеді.