Uber 2020 жылы жүргізушісіз ұшатын такси қызметін іске қосады

Uber фирмасының басшылығы бірнеше әуе көліктерін шығарушы компаниялармен келіссөз жасап жатыр. Олап 2020 жылы автоматты түрде басқарылатын әуе таксилерін іске қосуға дайындалуда.

Такси
Көрнекі сурет

Компания менеджерлерінің пікірінше, жаңа жүйе алдымен Дубай мен Далласта сынақтан өткізіледі.

Қазіргі таңда ұшатын көліктер жасалып жатыр. Онымен Embraer және Bell Helicopter компаниялары айналысуда.

Компанияның мәліметінше, ұшатын және жүргізушісіз таксилердің құны қазіргі қолданыстағы таксилердің қызмет бағасымен бірдей болмақ.