Басты бетЖаңалықтарСербияда Қазақстан...

Сербияда Қазақстан президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті

Сербия сарайының алдындағы алаңда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Қазақстан президентінің келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін екі елдің әнұрандары шырқалды, сонымен қатар 10 рет зеңбіректен оқ атылды. Бұдан кейін президенттер бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.