Басты бетЖаңалықтарӨрт қауіпсіздігі:...

Өрт қауіпсіздігі: Алматыда 153 мыңға жуық жер үй есепке алынды

Алматыда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 500-ден астам жер үй анықталды. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жеке сектордағы үйлерді тексеру барысында автономды жылыту жүйелері, электр желілері мен электр жабдықтарын пайдалануға байланысты 500-ден астам бұзушылық анықталды.

Түсіндірме жұмыстары кезінде — тізімдегі 110 мұқтаж отбасының үй иелері табалдырығынан аттатпады. Айта кету керек, жеке тұрғын үй секторында мемлекеттік өрт бақылау жүзеге асырылмайды. Өрт қауіпсіздігін сақтау азаматтардың ұсынымдар мен жеке қауіпсіздікті сақтаған жағдайда мүмкін болады, — делінген хабарламада.

Мегаполистегі ескі үйлерді мамандар бақылауға алды.

Қала бойынша 152 911 жеке тұрғын үй есепке алынды, оның ішінде қатты отынмен жылытылатын 2 398 жеке үй және қаңқалы-қамыстан салынған 7 590 ескі үй ерекше бақылауда. Жеке топқа спирттік ішімдіктерді пайдаланатын және полиция департаментінің есебінде тұрған 2 627 адамда назарда, — делінген хабарламада.