Басты бетЖаңалықтарБатыс Қазақстан...

Батыс Қазақстан облысында бірқатар тұлға марапатталды

Таяуда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумы» өтті. Бұл туралы БҚО әкімдігі хабарлап отыр.

Ауыл – бәріміздің алтын бесігіміз. Қалада туып, өмір бойы қалада тұрған қазақтың да тамыры – ауылда. Халқымыздың салт-дәстүрі, тілі мен ділі, бәрі де ауылда сақталған. Жаһандану дәуірінде қазақты сақтау үшін, ең алдымен, ауылды сақтауымыз керек, — деді мемлекет басшысы форумда.

Форум барысында мемлекет басшысы ауылды көркейтуге, дамытуға, шаруашылық саласында жоғары көрсеткіштерге жету үшін өз үлестерін қосқан бірқатар азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың қатарында біздің де жерлестеріміздің бар.

Осы орайда, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай  Қазақстан Республикасы президентінің жарлығына сәйкес облыс көлемінде ауылшаруашылық саласында жоғары көрсеткіштер көрсеткен қызметкерлерге,  өңіріміздің спорт саласына өзіндік өз үлесін қосқан азаматтар мен қараша айының 10 күні цифрландыру және ақпараттық технологиялар күніне орай жерлестерімізге мемлекеттік және ведомствалық марапаттарды табыс етті.

Атап айтқанда, «Аманер» шаруа қожалығының басшысы Қанат Досқалиев «Құрмет» орденін, «Жарас» шаруа қожалығының механизатор — комбайнері Серік Төлеушов ІІІ  дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін, ал «Ерен еңбегі үшін» медалдерін «Анкатинский» ЖШС-нің бас зоотехнигі Медеу Ахметов, «Мұқадес» шаруа қожалығының жылқышысы Бақытжан Болатбаев және V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының теңге ілудің «Бес белес» стилінің чемпионы Бекнұр Серіков кеуделеріне тақса, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұйрығына сәйкес «Үздік цифрландырушы» ведомствалық наградасымен Абат Ашық, сонымен қатар Өнер Сейілхан бокстан жастар арасында әлем чемпионы Батыс Қазақстан облысы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.