Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 497–502 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 19 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 497,89 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,00 теңге. Еуро — 525,12.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 499,8 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 501 теңге. Еуро 526—530 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 497 теңге, сатып алу құны — 502 теңге. Еуро 525 теңгеден сатылып, 531 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97-5,07 аралығында саудаланып жатыр.